$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2021, 10:43
Жаңалықтар

Алматыда КВИ жұқтырғандардың көбі - жастар

Коронавирус жұқтыру жастар арасында 35,5%-ға дейін көбейген

Алматыда КВИ жұқтырғандардың көбі - жастар
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жастар арасында КВИ жұқтыру көбейіп келеді. Соңғы бір аптада карантин талаптарын бұзған 700-ге жуық мекеме мен 3000 адамға айыппұл салынса да қауіпті дерттен сақтануды барлығы бірдей елей бермейді. Жастар ауруды көбінесе кафе-бар, мейрамханалардан жұқтырады. 

Алматыда карантин шараларының сақталуын 40 мониторингтік бақылап  жүр. 

"Бұл коронавирус инфекциясының жаппай тарауына әкелуі мүмкін эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын болдырмау үшін қажет. 

28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні белгіленген шектеулердің 13 рет бұзылғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар арасында: Медеу ауданында «Бармаглот» бары жұмыс істеген, онда 100-ге жуық адам болған; Медеу ауданында «Мята» лаундж бары жұмыс істеген, онда 60-қа жуық адам болған. 20 наурызы мен 29 сәуірі аралығында белгіленген шектеулердің 714 бұзушылығы анықталды. Анықталған нысандардың жалпы санының 492-сі мейрамхана, дәмхана және дүкендер.  93-і компьютерлік клубқа, 15-і бильярд клубына, 43-і СПА-салонға, 26-сы саунаға, 2-уі кальян барына, 20-сы караоке клубына, 9-ы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 15-і түнгі клубқа жатады. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы  хаттама толтырылды",- деп хабардады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық нормаларды және белгіленген жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарын нысандар:

  • - Әуезов ауданында «The one» компьютерлік клубы жұмыс істеген, онда 40-қа жуық келуші болған; 
  • - Медеу ауданында «Оазис» дәмханасы жұмыс істеген, онда 30-ға жуық адам болған; 
  • - Алмалы ауданында «Береке» дүкені;
  • - Бостандық ауданында «APPLE CITY» шағын маркеті;
  • - Әуезов ауданында «Мята» лаундж бары жұмыс істеген, онда 60-қа жуық келуші болған; 
  • - Әуезов ауданында «Дос» компьютерлік клубы жұмыс істеген, онда 60-қа жуық келуші болған; 
  • - Медеу ауданында «Bacha» түнгі клубы жұмыс істеген, онда 70-ке жуық адам болған; 
  • - Алмалы ауданында «Мята» дәмханасы жұмыс істеген, онда 50-ге жуық адам болған;
  • - Медеу ауданында «Френдли» түнгі клубы жұмыс істеген, онда 50-ге жуық адам болған. 

Алматы әкімдігі карантин шараларын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпауға шақырады. Өйткені  эпидемиологтардың мәліметтері бойынша, бүгінде Алматыда 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ жұқтыру көрсеткіші жоғары. Індетпен сырқаттану  35,5%-ға дейін көбейген. Осыған байланысты, қала тұрғындары барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейтуі қажет. 

Мегаполисте COVID-19-ға қарсы вакцинация жүріп жатыр: міндет – Алматы халқының 60-75%-ында ұжымдық иммунитет қалыптастыру. 18 жастан асқан барлық тұлғаларды егу пунктінен тегін вакцина салынады. Алматыда тегін екпе салатын орындардың саны  200-ден асады.

Серіктес жаңалықтары