ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

ШҚО-да тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды

Олардың бесеуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды

көрнекі фото: tengrinews.kz

Шығыс Қазақстанда облысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін және Азаматтық процестік кодексін бұзғаны үшін жыл басынан бері сот шешімі бойынша 9 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

Бүгінде олардың бесеуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды. Мәселен, 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан азаматшасы елден шығарылды, ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған едң. Әйел жазасын ОВ 156/18-де өтеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азаматша 5 жыл бойы ҚР-ға кіре алмайды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде біздің облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Іс-шаралар барысында ҚР заңнамасын бұзған 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.