$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2021, 03:29
Жаңалықтар

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде жел соғады

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сәрсенбі, яғни 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Антициклон жотасының әсерінен Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал қалған аумақта ауа райын оңтүстік циклоны және онымен байланысқан  атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады – кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста тұман түседі», - дейді синоптиктер.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетуі, кей жерлерде дауыл соғуы мүмкін.

Павлодар облысында жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с дейін күшейеді.  

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары