$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2021, 22:51
Жаңалықтар

Қарағанды облысында бір айда 516 оқушы коронавирус жұқтырған

Облыс көлемінде 50 мектеп карантинге жабылды

Қарағанды облысында бір айда 516 оқушы коронавирус жұқтырған
Фото: ТАСС

Биылғы оқу жылының төртінші тоқсанының басынан Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 516 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, мектеп қызметкерлері арасында КВИ-дің 47 жағдайы тіркелді. Облыс көлемінде 50 мектеп карантинге жабылды.

«Оқушылар арасында тіркелген жағдайдың 394-і оффлайн режимде оқыған балалар, 122 оқушы қашықтан оқыған. Оффлайн режимінде оқып індетті жұқтырған оқушылардың 67,3%-ы 1-5 сынып оқушылары арасында тіркелген», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын азайту мақсатында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында 1-5 сынып оқушыларын қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары