$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2021, 15:36
Жаңалықтар

Елордалықтар демалыс күндері КВИ-ге қарсы вакцинаны белсенді түрде алып жатыр

Бүгінде вакцинаның бірінші компонентін 87 мыңнан астам астаналық қабылдап үлгерді

Елордалықтар демалыс күндері КВИ-ге қарсы вакцинаны белсенді түрде алып жатыр

Елордада коронавирусқа қарсы 100-ден астам егу пункті ашылды. Олардың арасында ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен МСАК мекемелері бар. Елордалық «Керуен» СОО-да егу пункті ашылған күннен бастап КВИ-ға қарсы вакцинаны 120 адам алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері қала тұрғындары қауіпті вирусқа қарсы белсенді вакцинациялануда.

«Елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді. Сондай-ақ, демалыс күндері жұртқа вакцина алу ыңғайлы болуы үшін елорданың "Керуен" сияқты ірі сауда орталықтарында егу пункттерін аштық. Біздің басты міндетіміз – елордалықтарды вакцинациялау үшін барынша жағдай жасау. Сонымен қатар, "Mega Silk Way", "Абу Даби Плаза", "Хан Шатыр" СОО-ларында егу пункттері ашылғанын білесіздер. Сол сияқты келесі аптада қосымша егу пункттерін ашамыз. Бұл жұмыстың бәрі міндетті түрде эпидемиологтардың келісімімен ашылады. Мұнда вакцинациялауға рұқсат етілген елордалық емханалардың дәрігерлері жұмыс істейді. "Керуен" СОО-да №9 қалалық емхананың 12 медицина қызметкері екпе жасайды», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, "Керуен" СОО-дағы егу пунктінің қуаттылығы шамамен 250-300 адамды вакцинациялауға мүмкіндік береді. Пункт ашылған күні 85 адам вакцина алды. Ал екі күнде 120 адам егілді. Айта кетейік, елордада ұжымдық иммунитетті дамыту үшін 600 мыңға жуық адамды вакцинациялау жоспарлануда.

«Біз елорда тұрғыны ма, жоқ па, оған қарамастан ниет білдіргендердің бәріне вакцина жасаймыз. Тек республикада тұрақты тұрмайтын шетелдіктерді ғана вакцинацияламаймыз. Вакцинаның жетіспеушілігі бізде болмайды деп ойлаймын. Себебі жеткізудің нақты кестесі бар», — деді Мұратов.

"Керуен" СОО-ның егу пунктіне елордалық мәдениет және өнер қайраткерлері де келді.

«Бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алдым. Өзімді өте жақсы сезінемін. Вакцинация процесі тез өтті, көп күтуге тура келмеді, бәрі жақсы ұйымдастырылған. Отандастарымды ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинацияға қабылдауға шақырамын», — деді "Керуен" СОО директорының әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Алмас Алтынбеков.

«Қазір бүкіл әлем індетпен күресуде. Менің ойымша, вакцинациядан аулақ болу керек. Ойлана келе вакцинация қабылдау туралы шешім қабылдадым. Осылайша бәріміз жақын арада вирусты жеңе аламыз. Сол себепті вакцинадан қорықпауымыз керек, керісінше пандемиядан тезірек шығуға ықпал етуіміз керек», — дейді әнші Дос.

Айта кету керек, бүгінде вакцинаның бірінші компонентін 87 мың астаналық қабылдаса, екінші компоненті 12 мыңнан астам адамға салынды. Басқарма басшысының айтуынша, елордаға QazVac вакцинасының 6 мың дозасы жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары