ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Елордада мұз қалашықтары мен айдындары қайда салынады

Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынады

Фото: ашық дереккөзден

Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, Байқоңыр ауданында мұз қалашықтары мен балақайларға арналған сырғанақтар «Жастар сарайы» маңында, «Ататүрік» саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен А. Чехов көшелерінің қиылысына орналасады. 

Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, «Хан Шатыр», «Керуен» сауда ойын сауық орталықтары аумағына, «Жетісу» саябағында, «Жағалау» шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ. 

Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, «Астана» спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, «Тамыз» тұрғын үй кешенінің жанына, «Наз» театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-көшелерге салынады. 

Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақтар мен мұз айдындар «Қазақ елі» монументінің алаңына, «Жерұйық» саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, «Жастар» саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, «Ренессанс» мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алаптарында орнатылады.

Тегтер: