$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 22:49
Жаңалықтар

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Республиканың бірнеше өңірінде  қалың тұман түсіп, найзағай ойнайды

 
Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің алты облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары