Қазақстандық теннисші америкалық азаматқа тұрмысқа шықты

Галина Воскобоева 1984 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу қаласында дүниеге келген

Қазақстандық теннисші америкалық азаматқа тұрмысқа шықты
фото: www.instagram.com/galinavoskoboeva/

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева АҚШ азаматына тұрмысқа шықты. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қазақстандық теннисшінің таңдауы Джонатан деген азаматқа түсіпті. Жас жұбайлардың үйлену тойы АҚШ-та өтті. Воскобоева күйеуімен танысқан сәтін еске алды. Айтуынша, ол Цинциннати турниріндегі жеңілісінен кейін Нью-Йоркке бағыт алған ұшақта танысқан.

«Ұшақ шағын әрі іші адамға толы болды. Жанымдағы бір орын бос болды. Мен ол орынға ешкім отырмайтын шығар деп ойлап, шабаданымды қоя салған едім. Бірақ бір ер адам келді. Ол Джонатан болатын. Біз ұшақ Нью-Йоркке жеткенге дейін әңгімелесіп бардық», - деді Воскобоева.

Галина Воскобоева 1984 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 2008 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Жекелей сында айтарлықтай жетістікке жетпеген, жұптасып өнер көрсетуде жақсы нәтиже көрсеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.