23.04.2021, 08:49
Жаңалықтар
Коронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды
29 адам коронавирустан, 3 адам КВИ пневмониясынан көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам қайтыс болды. Оның ішінде 29 адам коронавирустан, 3 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Өлім жағдайы Алматы (12), Нұр-Сұлтан (7), Шымкент (2), Ақмола облысы (1), Алматы облысы (1), Ақтөбе облысы (1), Атырау облысы (2), БҚО (1), Қарағанды облысы (2), Қызылорда облысында (3) тіркелді.
23 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 40 441 адам ем қабылдап жатыр, оның 14 387-і стационарда, ал 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 689 адамның жағдайы ауыр;
- 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат