$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 04:42
Жаңалықтар

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін

23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жұма, яғни 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыстан атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады,  батыс және оңтүстікте шаңды дауыл, батыс өңірлерде бұршақ болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с дейін жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді,

Атырау облысында шаңды дауыл күшейеді.

Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-22 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары