ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Елордадағы вакцинациялау пунктері ашылған СОО-лардағы жұмыс уақыты ұзартылды

Вакцина жасайтын объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде егу пункттері «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» СОО-ларында ашылған болатын. Енді өзге сауда-ойын-сауық орталықтары мен орындарда ашу қаралып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қазіргі уақытта адам көп жиналатын орындарда қосымша егу кабинеттерін ашу үшін дайындық жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде ашылады. СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталатын болады. 

Халықтың көп ағынын ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделетін болады. 

Бүгінгі күні жоғарыда аталған сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа «Мечта» сауда желісінен, «Солтүстік» СҮ, «Нұрбереке 555» ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады. 

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.