Белгілі ақын Жәркен Бөдеш қайтыс болды
Ақынның азан шақырып қойған аты - Жармұхаммед
Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Жармұхаммед.
Шығармалары: «Көкше қүрақ» (өлеңдер мен поэмалар); «Қос қанат» (өлеңдер); «Зейін» (өлеңдер мен поэмалар); «Аспан даусы» (өлеңдер мен поэмалар); «Нұрлы бояулар» (өлеңдер мен поэма-портреттер); «Жұлдызға орнын ай бермес» (өлеңдер мен поэмалар); «Емендер түнде бүрлейді»; «Бәрінің асығы»; «Бұрылыс».
Ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.
Марапаттары: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
Қызметі: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі, мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.