ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

22 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын болуы мүмкін

Фото: pixabay.com

Синоптиктер бейсенбі, яғни 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін», -  дейді синоптиктер.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.