ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Трансплантация жасатқан науқастарға қажетті дәрі-дәрмектер Қазақстанға жеткізілді – ДСМ

Сондай-ақ иммун тапшылығы бар пациенттерді қажетті препаратпен қамту мәселесі шешілді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай» нозологиясы бар пациенттерді «Сандиммун» препаратымен қамтамасыз ету жағдайына қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша «Сандиммун®️ Неорал®️, 25 мг капсула» бірегей дәрілік затын жеткізу мәселесі пысықталды.

Дәрілік зат 20-21 сәуірде Алматы қаласындағы Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына келіп түседі және өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларының тәртіптеріне сәйкес жедел түрде еліміздің барлық медициналық ұйымдарына жөнелтілетін болады.

Трансплантациядан кейін науқастарды қамтамасыз ету мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

«Сонымен қатар, аутоиммунды аурулары бар және иммун тапшылығы бар пациенттерді «Қалыпты адам иммуноглобулині G» препаратымен қамтамасыз ету мәселесі шешілгенін хабарлаймыз. Осылайша, «СҚ-Фармация» ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор) «Гамманорм» сауда атауымен түпнұсқалық препараттың жылдық көлемін сатып алды», - делінген хабарламада.

Сатып алынған препараттың бірінші партиясы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түсті және жасалған Шарттарға сәйкес елдің медициналық ұйымдарына жөнелтіледі.

Сондай-ақ, бүгінгі күні «Қант диабеті» диагнозы бар балалар үшін инсулин помпаларына жиынтықтар мен шығыс материалдарын сатып алу қамтамасыз етілді.

Бұл ретте, 2021 жылға түпнұсқа «Гамманорм» препаратын, сондай-ақ инсулин помпаларына жиынтықтар мен шығыс материалдарын сатып алу уәкілетті орган ағымдағы жылға бекіткен бағалар бойынша арттыру жағына қарай өзгеріссіз жүзеге асырылғанын атап өтеміз.

Республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады, оны шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті күш-жігерді жұмсайды. Туындаған проблемалық мәселелерді шешу жолдары жедел түрде пысықталуда.