ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Атырауда аналары коронавируспен ауырған тағы үш сәби дүниеге келді

Нәрестелерден COVID-19 вирусы анықталмады 

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда аналары коронавируспен ауырған тағы үш сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жаңа туылған нәрестелер облыстық перинаталдық орталығында неонатологтардың бақылауында. 

8-19 сәуір аралығында Атыраудағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында кесір тілігі арқылы дүниеге келген үш сәбиден коронавирус инфекциясы анықталмады. 

"Ұлдардың салмағы - 2 келі 500 және 2 келі 900 грамм, ал қыз бала 3 келі 380 грамм салмақта дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталығындағы неонатологтардың айтуынша, сәбилердің жағдайы тұрақты. 

Босанған әйелдердің бірінде екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта ол хаттамаға сәйкес ем алуда. Ал, қалған екі жас ананың денсаулығына қауіп жоқ", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілген мәліметте. 

Еске салайық, 18 наурыз бен 20 сәуір аралығында Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында жалпы алғанда 8 сәби дүниеге келді. 

Барлығынан да коронавирус инфекциясы табылған жоқ.