20.04.2021, 18:04
Жаңалықтар
Шыңғыс Айтматовтың жесірі өмірден өтті
Мария Айтматова 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген
Қырғыздың халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың әйелі Мария Айтматова қайтыс болды. Жазушының әйелі ауруханада көз жұмған, әзірге оның неден қайтыс болғаны белгісіз.
24.kg порталының хабарлауынша, жазушының келіні Сабира Айтматова осыдан бірнеше күн бұрын отбасы мүшелерінің барлығы коронавирус жұқтырғанын айтқан.
Мария Айтматова 1942 жылдың 13 шілдесінде Шу облысында дүниеге келген.
Айта кетсек, Шыңғыс Айтматовтың өзі 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада өмірден өтті.
Шыңғыс Айтматов – «Жәмила», «Боранды бекет», «Құс жолы», «Қош бол, Гүлсары», «Ғасырдан да ұзақ күн» және тағы басқа шығармалардың авторы.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті