ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Корея Республикасында Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

Маркалардың бір бөлігі салтанатты түрде Корея Республикасындағы Марка мұражайының жинағына табысталды

Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігі мен қабылдаушы мемлекеттің ең ірі «Korea Post» пошта операторының бірлескен жұмысының нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар жарық көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маркалардың бір бөлігі салтанатты түрде Корея Республикасындағы жалғыз Марка мұражайының жинағына табысталды. Мұражай директоры На Санг-кук атап өткендей, жаңа экспонаттың арқасында көптеген келушілер Қазақстан мәдениетін біліп, онымен жақынырақ танысуға қызығулары мүмкін.

Осы жылдар ішінде мұражай мәдениет, дәстүрлер, ірі ұлттық және халықаралық іс-шараларды қамтитын әр түрлі тақырыптарға арналған көптеген көрмелер өткізді.

Мұражай қорындағы ең «жасы үлкен» болып 1884 жылы шығарылған Чосон әулетінің маркасы есептелсе, ал ең жасы кішісі - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркасы болып табылады.