$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2021, 04:37
Жаңалықтар

Алматыда күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Әйелдер күресінен ұлттық құрама қоржынында 2 алтын, 1 қола медаль бар

Алматыда күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Үшінші күннің қорытындысы бойынша әйелдер күресінен ұлттық құрама қоржынында 2 алтын, 1 қола медаль бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

2 алтын – 76 кг Эльмира Сыздықова, 50 кг Валентина Исламова.

1 қола – 55 кг Айша Уәлишан.

Үшінші күні әйелдер күресінен ұлттық құрама сапында 5 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткендер: 

1)50 кг- Исламова Валентина 

2)55 кг- Уалишан Айша

3)59 кг- Каюмова Диана

4)68 кг- Панасович Анастасия

5)76 кг - Сыздыкова Эльмира

Біздің анықтама:

Күрестен Азия чемпионаты – Азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады. 2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті. 

Серіктес жаңалықтары