$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.04.2021, 22:48
Жаңалықтар

Алакөлде балалар лагері ашылды

Демалыс орны тек әлеуметтік топтағы балаларға арналған

Алакөлде балалар лагері ашылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында балалар лагері ашылды. Шипалы Алакөлдің жағасындағы лагерь жазғы маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ақши ауылында орналасқан «Жалын» заманауи балалар лагері мемлекеттің меншігінде болады. Лагерь бір мезетте 100-ден астам баланы қабылдай алады. Оқушылар он күн бойы тегін демалады. Жазғы маусымда 600 дей балаға демалуға мүмкіндік жасалмақ. Демалыс орнына келетін балалар тобы жас ерекшеліктеріне байланысты жинақталады.

«Жалын» қала сыртындағы балалар демалыс орнының жобасына сәйкес лагерь аумағында 20 орындық бес жатын корпус, бір шығармашылық үй, бір асхана, персоналға арналған жатақхана, бір медпункт, балалар алаңы, балалар қалашығы, спорт алаңдары, қонақ үй қарастырылған»,- деп хабарлады Алматы облысының баспасөз қызметі.

Әкімдіктің хабарлауынша, демалыс орнына көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар, әлеуметтік әлсіз топқа жататын балалар, мүмкіндігі шектеулі немесе денсаулығында ақауы бар балалар жіберіледі. Лагерде  1-9 сынып аралығындағы оқушылар демалады.

«Аудан орталығына қарасты Ақши ауылынан «Жалын» лагері салынатындығын естіген бойда балам қатты қуанды. Бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі демалыс орны балаларымыздың жазғы демалысына таптырмас мүмкіндік. Туризм саласының дамыған ошағы Ақши ауылы болғандықтан барынша жан-жақты дамытып, қолдау білдіріп отырған аудан басшысы мен құрылыс мамандарына айтар алғысым шексіз», - деп ризалығын білдірді көп балалы ана Арай Тұрғанбаева.

Лагер құрылысы кезінде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде штаттық режимде 47 тұрақты жұмыс орнын ашу қарастырылған. Лагердің жалпы құны – 1 млрд 26 млн 728 мың теңге. Мамандардың айтуынша, Ақши ауылы маңында бой көтеретін «Жалын» қала сыртындағы лагері  қазіргі заманғы талаптарға сай жасақталады. Бұл өз кезегінде балалардың емін-еркін демалуына қолайлы жағдай жасау мен саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.

Серіктес жаңалықтары