ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Шошқа фермасы басшылығы жұмысшыларына арнайы шот ашпай отыр - әкімдік

ЖШС құрылтайшысы облыс әкімімен кездесуге бармай жүр

фото: express-k.kz

Бестамақтағы аштық жариялаған шошқа фермасының жұмысшыларымен Алға ауданы әкімінің орынбасары Мирхан Ермағанбетов кездесті. Жұмысшылар әкімдіктен компания шотына салынған бұғатты алып тастауды талап етті. Өйткені, жұмысшылар сол кезде ғана жалақысын ала алады.

Аудан әкімінің орынбасары жұмысшылар үшін жалақысын алудың жолын қарастырып жатқанын, алайда бұл шошқа фермасы басшылығына байланысты екенін айтты.

«Парижская Коммуна ХХІ» ЖШС басшылығы заңды тұлға ретінде жалақы қорынан жұмысшыларына ақша аудару үшін арнайы шот аша алады. Осы бойынша облыс әкімдігінде екі рет кездесу өтті, бірақ кешен басшылығы тарапынан әрекет жоқ. Бар болғаны 1 сағаттық жұмыс. Шошқа фермасының құрылтайшысы Гайк Тертерян екі рет облыс әкімдігіне кездесуге шақырылды. Ол кездесудің бірінде облыс әкімімен, екіншісінде облыс әкімінің орынбасарымен кездесу керек еді. Алайда, компания құрылтайшысы кездесуге өзі емес, директор міндетін атқарушыны жіберіп отыр. Ал, ол ештеңе шешпейді», - дейді аудан әкімінің орынбасары.

Мирхан Ермағанбетов жұмысшылардың жалақысын алуға мүмкіндік барын, алайда ол тікелей ферма басшылығына байланысты екенін қайталап айтты. 

Еске сала кетейік, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова жұмысы тоқтатылған Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының қызметкерлерінің толық тізімі жасалып, оларға мемлекет тарапынан қандай жұмыс ұсынылатынын айтты