Ауа райы: Қазақстанның 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің кей өңірінде қалың тұман түссе, кей өңірінде қатты жел соғады

 
Ауа райы: Қазақстанның 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылуына байланысты, синоптиктер 15 сәуір күні еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.