ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Ashyq қосымшасы: кинотеатрлар мен караоке клубтарына жұмыс істеуге рұқсат берілді

21 сәуірден бастап бұл тізім қатары толығады

14 сәуірден бастап елімізде Ashyq қосымшасына қосылған кинотеатрлар мен караоке клубтары және қоғамдық тамақтану орындары жұмысын бастайды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«26 сәуірде «Ashyq» пилоттық жобасы жұмысын тоқтатып, содан кейін жоба барлық өңірге таратылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысында хабарланған. Әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан бөлек, жобаға Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалалары қосылды. Мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін қабылданды», - делінген аталған хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында жоба 35 кәсіпкерлік субъектісін біріктірді, Алматы қаласында  – 302 нысан, Қарағанды қаласында – 15 нысанды біріктірді, олардың қатарында фитнес клубтар, спа-орталықтары, сауналар, бассейндер, компьютер және боулинг клубтары бар. Бұдан бөлек, жуық арада жоба қызметтің тағы 9 түрімен толығады.

14 сәуірден бастап пилоттық жобаға кинотеатрлар және қоғамдық тамақтану (банкет залдары, асхана, фаст-фуд және стрит-фудтар түріндегі нысандардан бөлек) нысандары, театрлар, филармониялар және ерікті қатысушылар қосылады. Ал 21 сәуірден бастап – облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) жолаушылар тасымалы, бильярд клубтары мен концерт залдары. 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына караоке және банкет залдары қосылады.

 Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алу ережесі өзгереді. Бизнес иелеріне QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек. Жоба талаптарына (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкестікті тексерген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен жұмыс істеуді үйрену және сынақ режиімнде 1 апта бойы жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Қоғамдық тамақтану және кинотеатрлардың иелеріне өтінішті алдымен салалық қауымдастыққа беріп, кейін infokazakhstan.kz сайтынан qr-кодты алу қажет.