$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.04.2021, 18:28
Жаңалықтар

Алматыда коронавирус жасқа толмаған балалар арасында да тарап жатыр

Жыл басынан бері мегаполисте 21 134 адам коронавирус жұқтырды

Алматыда коронавирус жасқа толмаған балалар арасында да тарап жатыр
көрнекі сурет

Алматыда жасқа толмаған 60-тан астам сәби коронавирус жұқтырып, ауырып жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

«Бір жасқа дейінгі балалар арасында инфекция таралу көрсеткіші өсті. Егер қаңтар айында 10-ға жуық жағдай тіркелсе, қазір жасқа толмаған 60-тан астам бала емделіп жатыр», - деді ол.

1 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың алғашқы аптасында - 12 жағдай, 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің алғашқы аптасында - 64 жағдай.

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Жыл басынан бері мегаполисте 21 134 адам коронавирус жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады.

Серіктес жаңалықтары