$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 21:49
Жаңалықтар

«Ashyq» жобасы: Алматы кәсіпкерлері қалай өтінім бере алады

«Ashyq» қосымшасының арқасында қызыл мәртебесі бар 300-ге жуық адам анықталды

 
«Ashyq» жобасы: Алматы кәсіпкерлері қалай өтінім бере алады
astana.gov.kz

«Ashyq» пилоттық жобасының арқасында қызыл мәртебесі бар 273 адам анықталды. Бұл туралы онлайн-брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов хабарлады. Сондай-ақ, ол Алматы қаласы бойынша пилоттық жобаға қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтып берді деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоба әзірлеушілердің ақпаратына сүйенсек, 6 сәуірдегі жағдай бойынша «ASHYQ» қосымшасын пайдаланушылар саны 125 000 құрайды. Объектілерге барлығы 374, оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында - 91, Қарағанды қаласында 39 QR код берілді.

Алматы қаласында 8 сәуірдегі жағдай бойынша – 264 пилоттық жобаға қатысушылар әкімдік сайтында тіркелген, бір қатысушының өтінімі өңделуде және 92 қатысушы QR кодын алу сатысында тұр.

«5 сәуірде пилоттық жобаның арқасында Алматы қаласында қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтар мен 5 сәуір аралығында республика бойынша, яғни жоба жүзеге асырылып жатқан қалаларда қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды», - деді Айтуар Қошмамбетов.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына қатысушыларды пилоттық жобаға енгізу және одан шығару алгоритмін ұсынды. Бұл алгоритмдер бекіту сатысында және олар бойынша тиісті өзгерістер қаулыда қабылданатын болады.

Өз сөзінде Палата директоры Алматы қаласы бойынша «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу тәртібі туралы түсіндірді.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, барлық жаңа қатысушылар үшін «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдер Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына арнайы платформадағы форма арқылы беріледі. Бұл нысанға сілтемені «Бизнес штаб Алматы» телеграмм-арнасынан табуға болады.

Барлық өтінімдер берілгеннен кейін ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) сәйкестігіне тексеріліп, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі. Бұдан әрі берілген өтінімдер QR код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтініш берушілер QR кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады.

Брифинг соңында Айтуар Қошмамбетов БАҚ өкілдерінің пилоттық жобаға басқа бизнес субъектілерін қосуға қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Бізге түрлі сала өкілдері жүгінеді, соның ішінде кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, балалар орталықтары, спорт объектілері. Жобаға бизнестің басқа да субъектілері кезең - кезеңімен қосылады деп үміттенеміз», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Пилоттық жобаға қатысу кәсіпкер үшін қосымша жауапкершілік, олар барлық санитарлық талаптарды сақтаулары тиіс.

«Алдағы уақытта қатысушыларды уақытша, сондай-ақ қалпына келтіру құқығынсыз жобадан шығарылу жолдары қарастырылады. Егер қатысушыларда көптеген бұзушылықтар анықталса, олар жабылуға мәжбүр болады», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы атап өтті.

 
Серіктес жаңалықтары