Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды
Ол 2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы - экономист.
Еңбек жолын 1991 жылы «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастады.
1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорын директоры, АНПЗ ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды.
2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды.
2019 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінде бөлім меңгеруші болды.