$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 11:29
Жаңалықтар

Сенат «Адвокаттық қызмет туралы» заңға түзетулерді қабылдады

Депутаттар Республикалық заң консультанттары алқасын құру туралы даулы норма бойынша консенсусқа келді

Сенат «Адвокаттық қызмет туралы» заңға түзетулерді қабылдады

Сенат Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заңға түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сенатор Андрей Лукин атап өткендей, заң қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен үш жұмыс отырысы өткен.

«Жұмыс қорытындысы бойынша келісу комиссиясы 78-1-баптың 1-тармағы бойынша бірлескен шешім қабылдады. Онда Республикалық заң консультанттары алқасын құру мәселелері регламенттелді. Атап айтқанда, республикалық заң консультанттары алқасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделеді. Парламент Мәжілісі келісу комиссиясының шешімімен келісті», - деді Лукин.

Естеріңізге сала кетейік, 4 наурызда Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Адвокаттық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын Мәжіліске тоғыз позиция бойынша өзгерістер және толықтырулармен қайтарды. Мәжіліс оның ішінде бір позициямен келіспеді, соның салдарынан келісім комиссиясы құрылды.

7 сәуірде Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов заң жобасы бойынша келіспеушіліктер жойылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары