07.04.2021, 12:47
Жаңалықтар
Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды
Ол Нұр-Сұлтан қаласына ПТР-анықтамасыз ұшып келген
көрнекі фото
6 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 31 халықаралық әуе рейсімен 4 388 әуе жолаушысы келді. Олардың ішінде 4367 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 21 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Алматы әуежайына – 15 рейс (2 450 жолаушы, анықтамамен - 2 430, анықтамасыз - 20);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 7 рейс (748 жолаушы, анықтамамен - 747, анықтамасыз - 1);
- Шымкент әуежайына – 7 рейс (915 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 2 рейс (275 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 5 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген 29 Қазақстан азаматтының бірінен коронавирус анықталды. Ол Дубай қаласынан Нұр-Сұлтанға ұшып келген.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр