ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Алматыда 36 жаңа учаскелік полиция пункті пайда болады

Бұл полицияның тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етпек

 

Алматы полициясы қала әкімдігінің қолдауымен учаскелік полиция инспекторларының жұмысын жақсартудың үш жылдық кешенді жоспарын жасады, соның ішінде 36 полиция пунктіне ғимарат бөлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында реформалар мен «полиция жақын маңда» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру қажеттігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі, ол тұрғындарына жақындай түсуі керек, танымал, қолжетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғайтын болуы тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін біз учаскелік полиция пунктеріне қажетті ғимарат жоқ жерлерде 36 орынды анықтадық. Қарқынды дамуды және Алматы облысының бірқатар елдімекендерінің қалаға қосылуын ескерсек, бүгінгі таңда бұл кезек күттірмейтін қажеттілік. Полицияның жаңа пунктерінің ашылуы полицияның тұрғындармен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылына оң әсер етеді», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Шаһардың полиция бастығы сонымен қатар, кешенді жоспарды жүзеге асыру үш кезеңде жүзеге асырылатынын және 2021, 2022 және 2023 жылдарға арналғанын атап өтті.

Барлығы 36 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу жоспарлануда, оның 19-ы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен учаскелік полиция пунктерінде және тағы 17-сі жеке секторда болмақ.