Әкімдік мәселеге қатысты жауап берді
Әлеуметтік желіде Қарағанды қаласының Майқұдық ауданындағы жол жөндеу жұмыстарына қатысты видеосы тарады. Бейнежазба авторы жұмысшылардың шұңқыр жерлерді жамап жатқан сәтін түсірген. Дәлірек айтқанда, қолдарына күрек ұстаған жол жөндеушілер еріген қар суының үстіне асфальт төсеуде.
Azattyq Rýhy тілшісі қалалық әкімдікке хабарласып, аталған мәселеге қатысты жауабын білді.
«Бұл уақытша жұмыстар. Нақтырақ айтқанда, көше бойындағы шұңқырларға жолды тегістеу мақсатында жонғыланған (фрезерованный) асфальт төселді. Бұл жүргізушілерге қауіпсіз жолды қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстар. Бұл жұмыстар күнделікті өткізіледі. Ал ауа райы 15-20 градусқа дейін жылыған кезде жолдар толығымен асфальтталады», - деді Қарағанды қалалық автомобильді жол секторының меңгерушісі Нұржан Тасмағамбетов.