$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2021, 18:38
Жаңалықтар

Уәлибек Әбдірайымов ұлының теріс діни ағым жетегінде кете жаздағанын айтты

Актердің ұлы 9-сыныпта намаз оқып, көп дүниеге қарсы бола бастаған

Белгілі актер, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов «Qasqa Jol» жобасына берген сұхбатында теріс діни ағым жетегі еріп кетуге жақын қалған өз қалай құтқарып қалғаны туралы айтып берді.

«Ұлам 9 сыныптарда намаз оқып кетті де, үйде көп нәрсеге тыйым сала бастады. Сосын мен оған ұрыстым. «Сен неге шешеңе қарап орамал тарт, намаз оқы, ананы үйт, мынаны бүйт» деп сөйлейсің» дедім. «Сіздердікі дұрыс емес» деп маған да айта бастады. Бір күні кешке шығып бара жатып «ұстаз шақырып жатыр» деді. Барғысы, келіп жылайын деп тұр. «Ұстазыңа сәлем айтып бар, әкем жібермей қойды» деп айт. Егер тыңдама десе, ұстазыңмен жеке сөйлесем. Сен маған намаз оқы деп айтуға құқың жоқ. «Сенің сөзің маған бұйрық емес. Менің сөзім саған бұйрық» деп едім, кейін тынышталып кетті», - дейді У.Әбдірайымов.

Әртістің сөзінше, баласы бұл қателігін кейін түсінген.

«Кейін «ойпырмай, солай айтыппын ғой» деп өзі түсінді. Сосын ол ағымның дұрыс емес екені ұстаздарына дәлелделінді. Ағымның нақты қалай аталатынын білмеймін. Мысалы, олар тамақты көргенде «етті бауыздап алдыңыздар ма?» дегенге дейін кетіп қалды», - деді «Шаншар» театрының директоры.

Серіктес жаңалықтары