04.04.2021, 14:55
Жаңалықтар
Алматыда бір күнде 10 мыңға жуық адамға вакцина салынды
Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр
Фото: Алматы қ. әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласында бір тәулікте 10 мыңға жуық адам коронавируске қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«3 сәуір күні 9 975 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды», - деп хабарлады Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Осылайша 2 және 3 сәуірде Алматыда 16 985 адамға вакцина егілді. Қазір қалада 56 вакцина пункті жұмыс істеп тұр.
Айта кетсек, бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада жұмыс істеп тұрған екпе пунктілерінің жұмысын тексеріп шықты. Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын. Сонымен қатар сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пункті ашылады.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады