$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2019, 11:21
Жаңалықтар

Алматыда екі қыз 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Әпкелі-сіңілі екі қыз тұрмысқа шығып, сәбилі болғаннан кейін мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдерден қағылған кезде ғана әрекет ете бастаған

Алматыда екі қыз 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген
Фото: Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда әпкелі-сіңілі екі қыз 25 жыл бойы жеке куәліксіз, Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжатсыз өмір сүрген, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір ай бұрын қыздар Бостандық ауданының полиция басқармасының көші-қон бөліміне өздерінің жеке тұлға екенін және ҚР азаматтығын растайтын құжат беру жөнінде өтініш жазған. Олар ата-анасы Кореяға кеткеннен кейін ұзақ уақыт бойы әжесімен бірге тұрғанын айтқан. Қолдарында туу туралы куәлік те болмаған. 16 жасқа толғанда да тұрақты тіреуге тұратын үй болмағандықтан, олар жеке куәлік алмаған. Тұрмысқа шығып сәбилі болғаннан кейін, балаларының құжаттарын рәсімдей алмай, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдерден қағылған кезде ғана әрекет ете бастаған.

«Әпкелі-сіңлілердің құжаттарын қарастырғаннан кейін көші-қон бөлімі «ҚР азаматтығы туралы» заңның 3 бабына сәйкес, екеуіне еліміздің азаматтығын беру туралы шешім қабылданды. Оларға жеке басын куәландыратын құжат  берілді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #көші-қон