ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл өңірлерде нөсер жауын жауады

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 31 наурыз 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер шашын жауады. 31 наурыз - 2 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 31 наурызда кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

31 наурыз күні Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

31 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысыың кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа, күндіз 1 сәуірде күші 15-20-қа, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда күндіз 31 наурызда, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі.