Нұр-Сұлтанда 3 айда 101 үй өртенген
Бұл көрсеткеш былтырғы жылмен салыстырғанда 58 пайыз артыпты
Елордада күн сайын бір үй өртенетін болған. Өткен үш ай ішінде 101 үй қызыл жалынға оранған. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті мәлім етті. Олардың дерегінше бұл көрсеткеш былтырғы жылмен салыстырғанда 58 пайызға артыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Мамандар қаладағы тілсіз жаудың жиілегеніне алаңдаулы. Оған түрлі себептер бар дейді.
«Тұрғын секторларда өрттердің көбею себебі, бұл қаңтар және ақпан айларында аяздың қатты болуынан, пештің ақаулығынан болып тұр. Электр жылытқыш құралдарын қолданғаннан. Абайсыздықтан, өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, өрттердің осындай себептері көбейіп тұр «», - деді астананың ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Аягөз Фазылова.