ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда адам ұрлауды ұйымдастырған тұрғын ұсталды

Қылмыс 2017 жылдың сәуір айында жасалған

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр қылмыс 2017 жылдың сәуір айында жасалған. Сол кезде 1984 жылы туған азамат адам ұрлауды ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тергеу мәліметтері бойынша екі адамның арасында жеке келіспеушіліктер негізінде жанжал болған. Олардың бірі қарсыласын ұрлау үшін сыбайластар тапқан. Олар жәбірленушіні кісендеп, көліктің жүк салғышына салып, Алматы облысындағы ауылдардың біріне апарған. Онда олар аталған адамды кепілге алып, туыстарынан төлем талап еткен. 

«Оқиға барысында жәбірленуші дене жарақаттарын алған. Бір тәуліктен кейін біз сыбайластардың ізіне түстік. Үш күдікті ұсталды, кепілге алынған адам босатылды, оларға 125-баптың 2-бөлігіне (Адамды ұрлау) сәйкес айып тағылды және олар түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Сол кезде қылмысты ұйымдастырған азамат бой тасалап үлгерді, оған қатысты мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Жақында ол ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.