ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Қазақстан қыздарын Бахрейнге сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысқан күдіктілер анықталды

Күдікті ретінде 19 адам танылып, үшеуіне халықаралық іздеу жарияланды

фото: polisia.kz

Адам саудасымен айналысқан Қазақстан, Байхрейн және Ресей азаматтарынан тұратын трансұлттық қылмыстық ұйым мүшелері ұсталды. Күдіктілер Қазақстаннан Бахрейн Корольдігіне қыздарды сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысқан. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

Қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары болған. Олар төрт жыл бойына (2016-2020 ж.ж.) Қазақстандағы қыздарды алдап, Бахрейн Корольдігіне алып шығумен айналысқан. Күдікті ретінде 19 адам танылып, үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған (15-і қамауға алынған).

Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық топтың әрекетінен зардап шеккен 39 адамды анықталған, олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары.

ІІМ тергеу департаменті басшысының айтуынша, жәбірленушілердің бәрі елге қайтарылды. Оларға қандай да бір қауіп төніп тұрған жоқ.