$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.03.2021, 05:43
Жаңалықтар

Қазақстанда 276 елдімекенді су басу қаупі бар - ҚР ТЖМ

Аталған аймақтарда 270 мыңнан астам адам тұрады

Қазақстанда 276 елдімекенді су басу қаупі бар - ҚР ТЖМ
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының жағдайына байланысты Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының 276 елдімекенін су басу қаупі жоғары. Аталған аймақтарда 270 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» берген мәліметтер бойынша ылғал қорының көлемі Ақмола облысындағы Шағалалы өзені бассейнінде нормадан 105%-ға, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзені бассейнінде 98% - ға (Сергеев су қоймасына ағысы), Ақтөбе облысындағы Елек өзені бассейнінде 97% - ға (Ақтөбе су қоймасына ағысы), Қарағанды облысындағы Нұра өзені бассейнінде 37% - ға (Самарқанд су қоймасына ағысы), Қарағанды облысындағы Сарысу өзені бассейнінде 31% - ға, Қостанай облысындағы Тоғызақ өзені бассейнінде 20% - ға, Қостанай облысындағы Аят өзені бассейнінде 18% - ға (Каратомар суқоймасына ағысы), Батыс Қазақстан облысындағы Утва өзені бассейнінде 12% - ға, Қостанай облысындағы Тобыл өзені (Жоғарғы Тобыл су қоймасына ағысы), Ақмола облысындағы Сілеті өзені бассейндерінде 8% - ға (Сілеті су қоймасына ағысы) жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ТЖМ #су басу