ШұғылВакциналацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды

28 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер әлі де еліміздің басым бөлігінде ауа райының құбылып тұруына ықпал ететін болады. Яғни елдің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыс пен орталықта – жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының кей жерлеріне найзағай түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с болады. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел соғып, жаяу бұрқасынның күшімен жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.