Биыл 1-сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады

Құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі

Биыл 1-сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады
Фото: ашық дереккөзден

Биыл 1 сыныпқа құжат электронды түрде қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

«1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады.

1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар талап етіледі: 

  • Ата-ананың өтініші
  • Оқушының жеке басының куәлігі
  • Медициналық паспорты
  • Фотосурет
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.