$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2021, 04:42
Жаңалықтар

24 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

24 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Сәрсенбі, яғни 24 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады. Түнде солтүстік аймақта қалың қар жауады. Еліміздің жекелеген аумағында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РММ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Павлодар облысында желдің күші түнде 23-28 м/с жетуі мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Атырау облысында жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болуы ықтимал, жел екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 17-22 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда облысында найзағай болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары