Қонақтар үш күн бойы өңірдің көркем табиғаты, бай тарихымен танысты
Түркістанда шетелдік журналистер Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20-22 наурыз аралығында түркітілдес мемлекеттердің тілшілеріне арналған баспасөз туры өтті. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Башқұртстан журналистеріне өңірдің көркем табиғаты, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістан таныстырылды.
Бұл - аймақтың туристік мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет. Үш күн бойы қонақтар Отырар және Қазығұрт аймақтарын, соның ішінде Арыстан Баб кесенесін, Кеме қалғанының монументін, ботаникалық бақты аралады. Олар Қ.А. Яссауи кесенесі мен Ақмешіт үңгірінде болды. Сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңа көпфункционалды "Керуен Сарай" кешені мен басқа да туристік нысандарды көрді.
Түркі елдерінен келген журналистерге ұлттық ойындар мен қазақ халқының тағамдары ұсынылды.
Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері "Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері" атты халықаралық медиа-форумға қатысты. Осы шара аясында "Түркістан медиафорумы: инвестициялық және туристік мүмкіндіктер"атты роуд-шоу ұйымдастырылды.