$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 12:41
Жаңалықтар

Елімізге ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте Қазақстанға барлығы 26 халықаралық әуе рейсі келді

Елімізге ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

708 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 688 адам, анықтамасыз 20 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2014 жолаушы, анықтамамен - 2 008, анықтамасыз - 6; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 659 жолаушы анықтамамен келген; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 462; анықтамасыз - 12; Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен - 418; анықтамасыз - 2; Қарағанды қаласының әуежайына 1 рейс, барлық 141 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 
21 наурызда шетелден анықтамасыз келген 177 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Киев – Алматы рейсімен келген.

Серіктес жаңалықтары