ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Нұр-Сұлтанда екі мыңдай жұмысшы қар күреуге шықты

Жолдарды қардан тазартуға 960 арнайы техника жұмылдырылды

Елордада өткен тәулікте 31 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

22 наурыздан 23-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 450-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде елордадан 31 мың текше метр қар шығарылды.

Бүгін, яғни 23 наурызда қар күреуге 960 арнайы техника мен 1700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.

Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.