ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті

Ол бірқатар басылымда басшылық қызмет атқарды

Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Бұл туралы «Түркістан» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын! Иманды болсын!», - деп жазды ол.

Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке танымал, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген. Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. «Халық сөзі» басылымында да қызмет етті. Қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Sport» газетінде бас редактор болды.

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.