22 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады
22 наурыз күні Республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауып, екпінді жел тұрады. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батысында найзағай болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, 15-23 м/с екпінде жел тұрады.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында күндіз желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.
Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман болады.
Маңғыстау облысының жекелеген аумағында найзағай күтіледі.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің күші 15-20 м/с, түнде кей жерлерде – көктайғақ күтіледі.