Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
22 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23 наурызда екпіні 23-28 м/с күтіледі.