$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2021, 03:22
Жаңалықтар

Түркия турнирі: Дмитрий Баландин үшінші медаліне қол жеткізді

Түркияда жүзуден халықаралық турнир өтіп жатыр

Түркия турнирі: Дмитрий Баландин үшінші медаліне қол жеткізді

Жүзуден Қазақстан құрамасының мүшелері Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетуде. Олар кезекті жарыс күні тағы бірнеше медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс медаль жеңіп алды. Бұл, оның аталмыш турнирдегі үшінші жүлдесі. Бұған дейін Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде – «күміс», 200 метрге жүзуде «алтын» алған болатын.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 1-орынға көтерілді. Сондай-ақ ол 100 метрлік баттерфляйда – алтын медаль иеленген еді.

Аделаида Пчелинцева 100 метр дистанциясына брасс әдісімен жүзуде «күміске» ие болды. Оның алдында Пчелинцева 50 метрлікте «алтын» алған болатын.

Анастасия Резванцева 50 метрге шалқалай жүзуден мәреге төртінші болып жетті. 200 метр дистанцияда ол күміс алқа тағынғанын еске саламыз.

Әділ Қасқабай 50 метрге еркін жүзуде алтыншы нәтиже көрсетті.

Серіктес жаңалықтары