$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2021, 13:19
Жаңалықтар

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 412 жолаушы ұшып келді

19 наурыз күні елімізге 32 халықаралық әуе рейсі келді

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 412 жолаушы ұшып келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 19 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

4 733 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 321 адам, анықтамасыз 412 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз - 267;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен - 1 241, анықтамасыз - 60;

- Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен - 67, анықтамасыз - 63;

- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен - 99, анықтамасыз 22 жолаушы келді.

Сондай-ақ 2021 жылдың 18 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет жарияланды.

«Анықтамасы жоқ 357 қазақстандық азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары