19.03.2021, 21:47
Жаңалықтар
Жамбыл облысында карантин талаптарын бұзғандарға 264 айыппұл салынды
Айыппұлдың жалпы сомасы 31 млн теңгеге жуық
Фото: ашық дереккөзден
Жамбылдық полицейлер карантиндік талаптарды бұза отырып жасалынған кезекті тойды тоқтатып, қонақтарды таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Таразда полиция 60-тан астам қонақтың қатысуымен өтіп жатқан тойды тоқтатты. Оған келген қонақтардың жасы 5-73 аралығында. Полиция қызметкерлерін көрген қонақтар той иелерімен қоштаспастан, қаша бастаған.
Жыл басынан бері өңірдегі түрлі меншік нысандарындағы төрт мыңнан астам нысан рейдтік тексерулермен қамтылды. Рейдтер барысында карантиндік режимнің сақталмауы бойынша 294 заң бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 30 860 885 теңгеге 264 айыппұл салынды.
Көп оқылған
30.03.2026, 17:55
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Алматы әкімі көлігін тұраққа дұрыс қоймағандардың өзін жазаламақ
30.03.2026, 12:13
Наурыз айының соңғы күндері Қазақстанда 32 градус ыстық болады
30.03.2026, 09:00
1 млн-ға жуық доза: Ұлытау облысында көліктен 3 млн доллардың есірткісі табылды (ВИДЕО)
30.03.2026, 06:19
Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды: тергеу жүргізіліп жатыр