ШҚО-да шектеу шаралары 2 сәуірге дейін ұзарталды
ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 2 сәуірге дейін ұзарталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 2 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 2,7%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,954 құраған.
«Осыған дейін жарық көрген қаулыда «Театрлар мен кинотеатрлардың толтырылуы 30 пайыздан аспаған жағдайда бір уақытта 100 адамнан аспауы керек» деп жазылған болатын. Ал бұл құжатта «100 адам» деген сөз алынып тасталды. Яғни, енді театрлар мен кинотеатрлар жалпы сыйымдылығын 30 пайыздан асырмай көрермендерді қабылдай алады», - деп түсіндірді ШҚО Санитариялық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова.